Осы жарыс күнінде жоба қатысушылары ән айтудан емес, ән таңдаудан көбірек қиналған секілді. Себебі, алуан-алуан ән бар. Соған қарамастан, Сафармұхаммад керемет таңдау жасай білді. Ол Әли Оқаповтың «Биле» әнін орындады.
«Сафар керемет жігіт, талантты, бірнеше тілді меңгерген. Оның мені тамсандырмауы мүмкін емес. Оның жолы ашық болатынына сенемін, өйткені, ол жан-жақты жігіт», - деді Малика.
Қазылар алқасының мүшесі Мансұр Ташматов (Өзбекстан):
- Диапазонға, тесситураға қатысты шамалы кемшіліктер болғанымен, әннің мазмұны ашылды. Сафармұхаммад тапсырманы орындады деп ойлаймын. Бәрекелді! Жарайсың!