Тоғызыншы жарыс күні сахнаға тоғызыншы болып шыққан - Айқын Төлепберген. Осылайша, Айқын бұл күні көрерменге тоғызыншы суперхитті сыйлады. Ол «Асылым» әнін шырқады.
«Өзі әрдайым күліп жүретін, өзгені күлдіре білетін адам. Әзілге келгенде алдына жан салмайды», - дейді Ефенди.
Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):
- Сіз қалыптасқан әртіссіз. Сізді өз көрерменіңіз жақсы көреді. Өз еліңізде өте танымалсыз. Бұл - сіздің бақытыңыз. Сіз нағыз әртіссіз.