Алаш идеясы - болашақ дамудың айқын бақыты, Егемендігімізді бекемдей түсетін ұлы жол. Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің, қазақ сөзінің синонимі етіп алды.
20-ғасырдың бас кезінде ұлттық идея үшін алашордалықтар тіпті өмірлерін қиды. Бірақ, олар тәуелсіздікке деген ұмтылысымызды күшейте түсті.
Күні кеше елорда төрінде 100 жылдыққа арналған «Алаш - қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты жиын өтті. Бүгінде Алаш зиялыларының жасампаз идеялары жүзеге асып жатыр. Жас ұрпақтың туған тіліне, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру үшін Алаш мұраларын қастерлеудің маңызы зор. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан түрлі салада көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, «Мыржақыптың оралуы», «Мағжан алаш туралы сөз», «Алаш Орда» сынды кинофильмдер осының дәлелі.