Жетінші жарыс күні тәжік жігіті үш бірдей қазақ аруымен өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетінші жарыс күні тәжік жігіті үш бірдей қазақ аруымен өнер көрсетті

26.11.2017

«Silk Way Star» жобасының жетінші жарыс күні өте қызықты болды – байқау қатысушылары Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен бір сахнада бірге ән орындады. Ал, тәжік жігіті бұл күні сахна төрінде талантты, танымал «Туркисс» тобының үш бірдей аруымен өнер көрсетті.

«Туркисс» тобымен бірге көрерменге қуаныш сыйлауға барынша тырысамыз. Барлығының бізбен бірге билеп, ән салғанын қалаймыз. Бізге көрерменнің көңілінен артық дүние жоқ», - дейді осы жарыс күніне барынша дайындалған тәжік әншісі.

Айта кетейік, Сафармұхаммад пен «Туркисс» тобынан құралған дуэт «Бір адам» деп аталатын әнді орындады.

Қазылар алқасының мүшесі Медеу Арынбаев:

- Сафардың ән айту мәнері, даусының бояуы, тембрі маған өте ұнайды. Талғамы, музыкалық сезімталдығы да ұнайды. Әрине, болашағы өте зор! Бұл жолы таңдаған әні заманауи екен. Бір жағынан мұндай әнді орындау өте оңай көрінер, бірақ, байқауда, жанды дауыспен айту оңайға түсе қоймайды. Дайындықтың аздау болғаны сезіліп тұр. Оған қарамай әнді алып шықты.

Хабарламаларға жазылу