Айқын мен Зарина Алтынбаева аналарға ән арнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын мен Зарина Алтынбаева аналарға ән арнады

26.11.2017

«Silk Way Star» байкауының кезекті жарыс күнінде үміткерлер қазақ сахнасының жұлдыздарымен ән салып, дуэтте өнер көрсету шеберліктерін сынады. Жетінші жарыс күнінің бел ортасында кезек Қазақстанның атынан өнер көрсететін Айқынға келді. Ал оған еліміздің танымал опера әншісі Зарина Алтынбаевамен жұп болды.

«Маған Айқынмен дуэт айту ұсынысы түскенде және бұл әнді естігенде, шыны керек, бас тарта алмадым. Өміріме бұл әннің тосыннан келмегенін түсіндім», - дейді Зарина.

Айта кетейік, керемет әншілерден құралған дуэт Дильназ Ахмадиеванның репертуарындағы «Анашым» әнін шырқады.

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

- Тамаша дуэт шықты. Өте әдемі ән. Маған ұнады. Рахмет сізге, Зарина! Айқын, жарайсың!

Хабарламаларға жазылу