«Таңшолпан». Қазақтың ұлттық биі - қастерлі қазынамыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақтың ұлттық биі - қастерлі қазынамыз (ВИДЕО)

22.11.2017

Бабадан ұрпаққа қалған ұлттық мұрамыздың қайсысы да қастерлі қазынамыз, дәстүрлі өнерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көркемдік ойын, салтын, дүниетанымына сай арман-мұратын бейнелейтін бірегей жауһарлар. Олардың қатарында қазақ би өнерінің орны бөлек. Бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін өнер ерте заманнан қалыптасқан.

Дамып келе жатқан қазақ биінің кейбір қозғалыстары бақсы-балгерлердің ойындары арқылы өмірге келген деген болжам да бар. Қазақтың кейбір ұлттық билері ән түрінде де айтылады. Мысалы, «Қамажай» биі.

Қазіргі уақыттың ұлттық бидің дамуы қалай өтіп жатыр? Қазақ биінің жетістіктері қандай?

Қазақ ұлттық хореография академиясы «Хореография педагогикасы» кафедрасының аға-оқытушысы Анвара Әріпқызы, Нұргүл Сарманқызы, «Наз» мемлекеттік би театрының ардагер бишісі Айнагүл Бақытқызы студия қонағы болып, ұлттық би өнері туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар «Наз» мемлекеттік би театры «Сарбаздар», «Қамажай» билерін орындады.

 

Хабарламаларға жазылу