«Silk Way Star» байқауының келесі қатысушысы осы жарыс күнінде нағыз грузин әнін айтып, таңдай қақтырды.
Темо Саджая бұл жолы «Ей, жігіттер» деп аталатын әнді орындады.
Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):
- Іші-бауырымызға кіргізіп, бәрін жылытып, жоғары ноталарда тап-таза орындадың. Әсіресе, ашық ноталар өте әдемі шықты. Бейнеқатар да, сенің әнің де жүректегі дертті сыртқа шығарғандай болды. Сен бұл әнді сезінгенің сонша, бізге де сол сезім берілді. Сіз жарадыңыз! Рахмет сізге!