«Таңшолпанның» әр жылдардағы басшылары бүгін бағдарламаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанның» әр жылдардағы басшылары бүгін бағдарламаға келді

17.11.2017

Тележүргізуші, журналист, «Дара жол» бағдарламасының продюсері Дана Нұржігіт, ақын, тележүргізуші, «Qazaq» радиосындағы «Ақ отау», «Бұл менің жүрегім» бағдарламаларының жүргізушісі Назира Бердалы, «National Geographic Қазақстан» журналының жауапты редакторы Мақсат Әділхан «Таңшолпанның» әр жылдағы жетекшілері болды. Көрерменнің сүйіктісіне айналған студия қонақтары қызықты жайттарымен бөлісті.

«2002 жылы бағдарлама «Жаң  күн» деген атпен шықты. Мен онда 9 ай басшы болдым. Біздің редакциямыз нағыз шығармашылықтың қазаны болатын. Күн-түн демей жұмыс істедік. Әркімнің сол заманға сай міндеті болды. Біз соны іске асыруға тырыстық.

Бағдарлама атауы әр жылдары өзгеріп тұрды. «Жаңа күн», «Арай», «Оян, қазақ!». Бірақ уақыт өте халық жүрегінен орын тапқан сүйікті атауы -  «Таңшолпан». Орны да, мәні де бөлек «Таңшолпанның» атауы өзгермесе екен деймін.

Таңғы бағдарлама мен жаңалықтар – үйдің ішіндегі үй, бөлек аура. Жұмысының ырғағы бөлек. Тіпті жүргізушілеріне дейін бөлек жандар. Олардың ішкі дүниесі де әр түрлі»,- дейді Дана Нұржігіт.

«Телевизияда басшы деген шартты ұғым. Ал, шынында өзің редактор, продюсер, журналист болып кетесің. Шығармашылық ортаның барлығы осындай. Тікелей эфирде жұмыс істеу оңай емес. Бәрінің жағдайын жасап, көңілін табу керек. Бұрынғы басшы болсақ та, көрермен ретінде жанашырмыз. Қазақ телевизиясының жылдан-жылға дамуына тілектеспін», - дейді Мақсат Әділхан.

 

Хабарламаларға жазылу