Бүгін қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал еткен біртуар азаматтардың туған күні. Олар - Бейімбет Майлин, Мәриям Хәкімжанова, Мәлік Ғабдуллин, Садықбек Адамбеков.
Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Көрнекті жазушы, поэзия, проза, драма саласына қалам тербеген. 44 жыл ғұмыр кешкен қаламгер Қостанай облысында дүниеге келген. Ол өмірін саналы ұрпақ қалыптастыру жолына арнаған.
Алаш ардақтыларының жолын жалғаған сөз зергерлерінің бірі - Мәриям Хәкімжанова. Мәриям Хәкімжанованың рухани мұрасы – ұлтымыздың жауһары. Ақын 1906 жылы Қотанай облысында дүниеге келген.
Ұлттық әдебиетіміздің алтын қорын толықтырған жазушылардың қатарында әдебиет зерттеушісі, жазушы, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин бар. Ол Көкшетау облысының тумасы. Мәлік Ғабдуллин 10-нан астам кітап жазып қалдырған. 1941-1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. Соғыс аяқталып, елге оралған соң қоғамдық жұмыстарға араласып, лауазымды қызметтер атқарған.
Сондай-ақ, биыл драматург Садықбек Адамбековтың туғанына - 95 жыл. Өзіндік қолтаңбасы, өзгеше мәнімен ерекшеленген ақын, драматург Садықбек Адамбековтың құнды мұралары - асыл қазына. Оңтүстік Қазақстан облысында туған жазушының мұралары 1982 жылы 2 том болып жарық көрді.
Дәл осы күні дүниеге келген қаламгерлердің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына.