«Таңшолпан». Жақсылық Үшкемпіров: Қандай мемлекет екенімізді көрсете білуіміз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жақсылық Үшкемпіров: Қандай мемлекет екенімізді көрсете білуіміз керек

14.11.2017

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров Алматы студиясының төрінде қонақ болды.

«Жақында Франция елінде әлем біріншілігі өтті. Додада біздің қазақ елінің батырлары жүлделі болды. Қазір спортшыларымыз 2020 жылы Жапон елінде өтетін сайысқа дайындық үстінде.

Чемпион болғаныма 30 жылдан асып кетіпті, енді  тағы бір олимпиадалық чемпион болса екен деген тілегім бар. Менің жастық шағымда 15 республиканың ішінен бір азамат баратын. Өз Туымызды көтеріп, Әнұранымыз шырқалып, жеке барғанымызға не жетсін?! Қазіргі жас спортшылар оның қадірін біле бермейді. Бұл - Елбасы мен халық арасындағы үлкен тірлік, бағалай білу керек.

Қазір Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кездусулер көп өткіземіз. Неліктен қазір?! Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғалы дамып, өсіп келе жатыр. Қазір кемелденген шағымыз. Тек қана кім екенімізді, қандай мемлекет екенімізді, деңгейімізді көрсете білуіміз керек», - дейді чемпион.

Хабарламаларға жазылу