Дариға Мұсаева Финляндияда өткен Ян Фиделиус атындағы «JSFest Vocal Competition» Халықаралық байқауының 1-орын иегері. Фин елін таңқалдырған 19 жасар қазақ қызы студия қонағы болды.
«Бұл өте күрделі байқау болды. Еуропаның өзінде үлкен мәртебеге ие. Додаға 15 елден үміткерлер қатысты. Барлығы да мықты өнер иелері. Азия елінен жалғыз бардым.
Былтыр Челябинск қаласында өткен байқауға қатысып, екінші орынға ие болдым. Кейінгі байқауда меццо-сопрано номинациясы бойынша бірінші орын алдым. Қазіргі заманда тек талант аз, оқып, еңбек ету керек. Жеңіс еңбектің арқасында келеді.
Ертең «Астана Опера» театрында «Моей души коснулась ты» романс кеші өтеді. Мен онда Глинканың романсын орындаймын. Арманым – Ла скала, Мариинский театры, Мәскеудегі Үлкен театрда өнер көрсету», - дейді Дариға Мұсаева