«Таңшолпан». Жазушы Қанат Әбілқайыр: Үлкен мемлекет боламыз десек, руханиятқа көңіл бөлу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жазушы Қанат Әбілқайыр: Үлкен мемлекет боламыз десек, руханиятқа көңіл бөлу керек

07.11.2017

Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Шабыт-2017» халықаралық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Халықаралық байқаудың Гран-при жүлдегері журналист, жазушы Қанат Әбілқайыр студия қонағы болды.

«Бас жүлдені «Проза саласының үздік әдеби шығарылымы» аталымы бойынша иелендім. Жалпы бұл бәйге 20 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Бұл - осы уақыттан бері қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлесі қосқан байқау. Барлығы 40-қа жуық шығарма қатысты.

Бұл шарадан бір дүниені ұқтым. Белбеуді босатып қоюға болмайды. Артымыздан ұрпақ өсіп келе жатыр. Заман өзгерген сайын түрлі пікір айтылады. Мысалы, «газет,  теледидар керек емес», дейді. Бұл дұрыс емес. «Егемен Қазақстан» газетінде қазақтың ресми тарихы  күнде жазылып жатыр. 100 жылдан кейін тарихшы «Жас алаш», «Дат», «Егемен Қазақстан» газеттерінен қазақтың тарихын күнбе-күн, әр сәтін содан алып біледі. Оны қажет емес деп қалай айтуға болады? Сөз ешқашан өлмейді. Мүмкіндігінше роман жазатын, әдебиетке бет бұратын уақыт келді деп ойлаймын. 

Үлкен мемлекет боламыз десек, руханиятқа көңіл бөлу керек. Ал, оның ішінде әдебиетке ерекше назар аудару қажет», - дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу