Астаналық жас режиссер «СINEMA CAMP-2017» Халықаралық  кинофестивалінде жүлдегер  атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық жас режиссер «СINEMA CAMP-2017» Халықаралық  кинофестивалінде жүлдегер  атанды

06.11.2017
Астаналық жас режиссер «СINEMA CAMP-2017» Халықаралық  кинофестивалінде жүлдегер  атанды

4-5 қараша күндері  Татарстан астанасы Қазан қаласында  өткен «СINEMA CAMP-2017» Халықаралық  кинофестивалінде астаналық жас режиссер Ақбөбек Нұрбаулықызы  жүлдегер  атанды.

Ол «Отпан тау» тарихи деректі туындысымен «Ең үздік студенттік фильм» номинациясын жеңіп алды. Ақбөбек Нұрбаулықызының «Ұран оты» деректі фильмі Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде түсірген дипломдық жұмысы.

Фильм авторы  2016 жылы Маңғыстауда түсірген туындысы арқылы «Отпан тау» тарихын таратып көрсетіп,  бүгінгі жас буынға елдік рухты сіңіруді мақсат еткенін айтады.

 «CINEMA CAMP - 2017» Халықаралық кинофестивалі «Lion Productions» кинокомпаниясы және  «Юный режиссер»  Халықаралық  балалар киномектебінің  ұйымдастырумен өтті.

Хабарламаларға жазылу