«Өмірде қатты өкінетін бір жағдай бар. Кішкентай қызым керемет әнші еді. Сол қызымды өнерге жібермедім. Қаламағандықтан, қолдау көрсете алмадым. Кішкентай немерем Алтынай анасына тартты ма, маған тартты ма, ән айтқанды ұнатады.
Өнерін жақсы көрсете берсе жолын кеспеймін деп отырмын. Қызымның жолын кескеніме өкінемін.
Жастау кезімізде жолдасым театрдан қалмайтын. Қандай рөлді ойнасам да, Өрекең «Керемет ойнадың!», дейді. Содан кейін көңілім тасып, шаршағаным басылып, спектакльді талқылаймыз.
Отбасындағы ауызбіршілік - ер мен әйелдің бір-бірін түсіне білуі мен сенімнің арқасы. Сенім болған жерде отбасы мықты болады. Өнер адамына көп қолдау керек. Мені қолдап, осындай дәрежеге жеткізген - Өрекең», - дейді әртіс.