«Qazaqstan» телеарнасы видеоблогерлермен жоба шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасы видеоблогерлермен жоба шығарады

02.11.2017
«Qazaqstan» телеарнасы видеоблогерлермен жоба шығарады

«Qazaqstan» телеарнасы «Не Зат?! XAXAShow» телевизиялық ойын-сауық жобасын алғаш рет видеоблогерлермен бірігіп жасамақ. Жоба қазақстандық жастардың өз күшімен түсіріліп, бірінші рет YouTube видеохостингінде шыққан болатын. 

Ұлттық арнадағы «Silk Way Star» халықаралық мегажобасының қатысушыларымен шыққан «Не зат?! XAXAShow» жобасы тәулік ішінде 112 000 рет қаралған және көрермендердің саны сағат сайын артуда. 

«Не зат?! XAXAShow» бұл - медиатұлғалардың қорқынышы мен эмоциясын сынайтын ойын-сауықтық бағдарлама. 20 минут ішінде көрермендер адам бойындағы шынайы эмоциялардың куәгері бола алады.

«Коллаборация қазір трендте. Сондықтан, біз осындай дүниелерді тек өз арамызда немесе интернет желісінде ғана емес, телеарналарда да жүзеге асырсақ деп ойлаған едік. Жарты ғасырдан астам тарихы бар Ұлттық арнада жастарға арналған бағдарламаның ашылуы - өте үлкен қуаныш, сондықтан, бар күш-жігерімізді салып, септігімізді тигізгіміз келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, алғысымыз шексіз», - деді жобаның авторы Ақсұлтан Қалиев.

Алғашқы көрсетілімге Динара Сәтжан, Нұрлан Қоянбаев, Дана Нұржігіт, Ирина Тен, Айсұлу Рыспанова және Баян Бақкелді қатысады. Бағдарламаны 4-қарашадан бастап, әр сенбі сайын «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан сағат 11:25-те тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, отандық теленарықта мұндай әріптестік «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның атсалысуымен алғаш рет жүзеге асырылмақ.

 

 «Silk Way Star»-дың қатысушыларымен шыққан алғашқы жоба.

Хабарламаларға жазылу