Әлеуметтік желідегі қандай әрекеттеріңіз үшін ауыр айыппұл арқалауыңыз мүмкін? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желідегі қандай әрекеттеріңіз үшін ауыр айыппұл арқалауыңыз мүмкін?

28.10.2017

Әлеуметтік желіде аузына келгенін айтатын адамдардың ойынын осып алатын заңның баптарын баппен түсіндірейік.

 

Мәселен, Германияда жалған ақпарат таратып, болмаса өзгенің ар-ожданына нұқсан келтіретін жазбалар қалдырсаңыз, парақшаңызға дереу ескерту келеді. 24 сағат ішінде жойып тастамасаңыз, 5 миллион еуроға дейін айыппұл салады. Көрші Ресейде, ғаламтордағы жазбалардың жазасын күшейтті. Мысалы: жалған ақпарат жазып, оны жаппай таратқандарға 15 мың рубль айыппұл салынады.

 

«Тұлпардан есек озады, өлеңнен өсек озады, сыйластықтан төсек озады» деп сөзбен сойып салатын Ринат ескертумен шектелді. Жауапқа тартпаған соң ғаламтордың батырлары жаза басқандарын аңғармайды көбіне. Ал Ресейде өзгенің атынан аккаунт ашып аузына келгенін айтқандарға 300 мың рубль, біздің ақшамен 1 миллион 700 теңге айыппұл салынады.

 

Ал Қытайдың Шаньдун провинциасында өзгенің абыройына қасақана нұқсан келтіргендерді арнайы клиникаға қамап электрошокпен емдейді. Қазақстанда қазір 5 миллионнан астам адам түрлі сайттарға тіркелген. Соның 3 миллион 300 мыңы тұрақты түрде ғаламторға телміріп отырады екен. Интернетті игілікке емес, қиғылыққа қолданатындар көп.

 

Бұрын бір қарияның кесімді сөзі еліңді, бір кейуананың кесімді сөзі келінді тәрбиелейтін еді, ал қазір ше? Қазір қылмыстық кодекс бар, айтпақшы өзгенің атынан аккаунт аштым деп ойланбай көкігендерді тауып алып қаққанда қан, соққанда сөлдерін алу оңай екен. Сонымен, әлемжелідегі қандай ойсыз әрекеттеріңіз үшін сотталып немесе ауыр айыппұл арқалауыңыз мүмкін? Айбар Төлжанұлы тәптіштеп түсіндіреді.

Хабарламаларға жазылу