Биыл Қазақстанның БҰҰ мүше болып қабылданғанына 25 жыл толады. Саясаттанушылардың пікірінше, осы аралықта еліміз халықаралық қауымдастыққа өзінің беделін танытып үлгерді.
25 жылда Қазақстан алпауыт ұйымның белді мүшесі екенін дәлелдеді.
Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке 1992 жылы 2 наурызда қабылданды. БҰҰ Бас ассамблеясының 47-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы алғаш рет баяндама жасады.
Қазақстан өз алдына қойған мақсатына кезең-кезеңмен табысты жетіп келе жатыр. Соның ішіндегі ең маңыздысы – ядролық қарудан бас тарту. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Бұл соғыс қаруынан азат әлемге қарай жасаған қадамның бірі болды.
Сонымен қатар сол жылы БҰҰ 77-ші мерейтойлық сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінде баяндама жасады.
Қазіргі таңда БҰҰ әлемнің қатарына әлемнің 193 елі мүше болса, Қазақстанда БҰҰ 15 өкілдігі жұмыс істейді. Келесі жылдың қаңтарынан бастап БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде алғаш рет төрағалық етеді. Бұл да тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы беделін арттыратыны сөзсіз.