Биыл Астанадағы «Жастар театрының» құрылғанына 10 жыл. Осыған орай бағдарламаға театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай мен директоры Ернар Жұматаев келіп, театр жетістіктері, жаңалықтары туралы айтып берді.
«Осыдан 10 жыл бұрын Алматыдан Астанаға шәкірттеріммен келіп, Жастар театрын ашу туралы ұсыныс түсті. Біраз ойланып, 2007 жылы Астанаға қоныс аударып, театр аштық. Бастапқыда нақты орнымыз болған жоқ. Біраз қиындықтар да болды. Алайда еңбегіміздің арқасында ұжымымызбен өзіміздің театрымызға ие болдық.
Театрымыз талай байқауларға қатысып, жүлделі болды. Театрымыздың көптеген балалары кинода өнер көрсетіп жүр. Театрымыздың мерейтойы біз үшін маңызды. Ертеңнен бастап елімізде 1 қарашаға дейін театр фестивалі өтеді. Фестивальде үздік спектакльдер көрсетіледі. Одан басқа осы шара аясында шеберлік сағаттарын өткіземіз», - дейді өнер иелері.