Тәжікстанның тарланы қырғыз әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанның тарланы қырғыз әнін шырқады

21.10.2017

Бүгін, яғни үшінші байқау күні «Silk Way Star» қатысушылары жеребе бойынша түскен елдің әнін орындады. Нақтырақ айтар болсақ, сайысқа түсіп жатқан 9 елдің бірінің әнін айтады.

Кезекті жарыс күнін Тәжікстан елінен келген қатысушы Сафармұхаммад бастады. Ол бұл жолы қырғыз елінің танымал әнін дайындапты.

Сафармұхаммадтың айтуынша, басқа тілде ән айту – үлкен жауапкершілік. Әннің мәтінін бәрі түсінетіндей жаттау керек.

Тәжікстанның тарланы бүгінгі байқау күніне Қырғызстанның белгілі композиторы Мирбек Атабековтың «Сени корбой» әнін орындады.

«Осы кезеңде бір-біріміздің әнімізді орындау – бізді біріктіре түсті. Қырғыз әнін орындауға 70 пайызға дайынмын. Сахнада мәтінін ұмытып қалмасам болды. Барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін. Нағыз сынаққа тап болдық. Көрерменге ұнау үшін барынша тырысамын», - дейді тәжік әншісі.

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

- Сен әнді қырғыз тілін жақсы білетін адамдай орындадың. Мен тіпті, акцентті де сезбедім. Таза орындап шықтың. Маған қатты ұнады. Бұл ән саған жараса кетті. Арасында ұсақ-түйек қателіктер кетті, бірақ жалпы алғанда бәрі жақсы.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.
 

Хабарламаларға жазылу