Үшінші жарыс күні өзбек әншісі татар елінің ең танымал әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үшінші жарыс күні өзбек әншісі татар елінің ең танымал әнін шырқады

21.10.2017

«Silk Way Star» байқауында бағын сынап жатқан қатысушылардың бірі өзбек әншісі Саида. Ол үшінші жарыс күні татар тілінде ән шырқады.  

«Silk Way Star» жобасы бірнеше елдің талантты жұлдыздарын жинады. Біз бүгін басқа елдің тілінде ән орындаймыз. Бүгін «Silk Way Star»  байқауында орындайтын әнім туған тіл туралы. Бұл әнді Татарстанның еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін жатқа біледі.

Өз кезегінде, Саидаға көмектескен Малика өзбек әншісіне сәттілік пен әнді жақсы орындап шығуын тіледі.

Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант (Татарстан):

- Бұл ән миллиондаған татар халқының әнұраны. Біз бұл әнді тек түрегеп тұрып тыңдаймыз. Бүгін тек 4-шумағына ғана орнымнан тұрдым.  Себебі, ол шумақ Кеңес үкіметі кезінде саяси жағдай кесірінен айтылмайтын. Саида жарайсың.   

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу