Бүгін Ұлттық арна эфирінде «Сазгер» шоу бағдарламасының кезекті саны көрермендерге жол тартты. Бағдарламаның осы аптадағы басты кейіпкері дарынды композитор Ермек Елгезеков болды.
Бүгінгі шығарылымда танымал өнер майталманы «Ән мен әнші» бағдарламасының дүниеге қалай келгені жайлы айтып берді.
«Мен 2000 жылы Қазақ радиосының концерттік студиясында директор болып жұмыс істедім. Бағлан Омаровпен бірге қызмет еттік. Сол жерде жүргенімізде «Qazaqstan» телеарнасының дирекциясы «сіздер бағдарлама ойлап тапсаңыздар» деген ұсыныс жасады. Содан Бағлан Омаров екеуміз «Ән мен әнші» бағдарламасының концепциясын толығымен жазып шыққан едік. Негізгі авторы бізбіз», - дейді
Бағдарламаның толық нұсқасы