Алдағы 2018 жылға «Қазақстан» РТРК» АҚ сериалдық өнім шығару мақсатында жобалық/сценарлық/ идеяларға байқау жариялайды. Мына тақырыптық бағыттар бойынша тапсырыстар қабылданады: отбасылық құндылықтар, махаббат, бала тәрбиесі, белсенді азаматтық көзқарас, тарихи тұлғалар және рухани - адамгершілікті жаңғырту /«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында/, Астананың 20 жылдығы және басқа да қоғамдағы маңызды оқиғалар.
Конкурска қатысу үшін ықтимал орындаушы арнайы синопсис жолдайды /көлемі -2 беттен кем емес, шрифт Times New Roman, өлшемі-12, қазақ-орыс тілдерінде/.
Сонымен қатар, концепция ауқымы мыналарды қамтуы керек: болашақ сериалдың аты, мақсаты мен міндеті, көлемі /хронометражы және сериясының саны/, жанры, шамамен сметалық шығыны, техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы. Ұсыныстарды қарау барысында осы тектес өндірісте тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.
Байқау үш кезеңмен өтеді:
- кезең:Талапқа сай келетін өтініштерді бастапқы қабылдау;
- кезең: Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі.
- кезең: Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді қарау және жеңімпаздарды анықтау.
Өтініштер 23 қазан - 23 қараша аралығында kaztrk@kaztrk.kz эл.поштасы арқылы қабылданады.