«Таңшолпан». Асылбек Боранбай: М.Әуезов театры жаңа маусымын бастады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Асылбек Боранбай: М.Әуезов театры жаңа маусымын бастады (ВИДЕО)

12.10.2017

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Асылбек Боранбай бағдарлама қонағы болды.

М.Әуезов атындағы академиялық драма театры осы күндері жаңа маусымын ашты. Актер биылғы жаңа маусымның жаңалықтарымен бөлісті.

«Театрдың жаңа маусымын ашып бердік. Басқа облыстарда да театрлардың шымылдығы ашылып жатыр. Режисерлер мен актерлер жаңа қойылымдарға кірісіп жатыр. Театр басшылары шетелден актерлер шақыртуды көздеп отыр. Біздің режисерлар де шет елге барып, тәжірибе алмасады. Алдыңғы маусымда жақсы спектакльдер қойылды. Оған халық өз бағасын берді. Осы маусымнан күтетініміз мол.

Шетелге талай шығып жүрміз. Бірақ осы жолы Дулат Исабековтың «Жау жүрек» пьесасымен Ангиля еліне баруымыз ерекше болды. Лондонның көрермендері өте тамаша қабылдады. Лондон - театры мықты дамыған мемлекет. Оның орны бөлек», - дейді актер.

Хабарламаларға жазылу