Бүгін ҚР Халық Әртісі Роза Рымбаева мен Мәди Рымбаев студия қонағы болды.
«Екі балам менің алдымдағы ең бірінші азаматтар. Мәдидің музыкалық білім алып келе жатқанына 13 жыл. Мамандығы пианист. Әзірге өнер алаңына шығуын қаламаймын. Жоғары білім алып, кәсіби маман болуы керек. Менің талабым осы. Ұлдарымның ер мінезді болып өсуін назарда ұстадым.
Екі баламның да әндерін орындаймын. Одан басқа жуырда өткен концертімде жартысынан көбі жаңа әндер болды. Ұмытылған әндерді де айттым. Мысалы, халық әндері. Жаңа әндер көп. Оның бәрін сахнаға шығара бермейсің. Әрқашан да халықтың тосып отырғанын орындаймын», - дейді өнер иесі.