«Таңшолпан». Айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлы: Айтыс ұзақ зерттеуді қажет ететін өнердің түрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлы: Айтыс ұзақ зерттеуді қажет ететін өнердің түрі

09.10.2017

Айтыскер ақын «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, айтыскер ақын, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы, термеші одағының жауапты хатшысы Шұғайып Сезімхан бағдарлама қонағы болды.

«Айтыс – 99 болмаса да, 9 өнердің барлығын өн бойына тоғыстырған өнер. Ол өнерде әншілік те, әртістік те болуы керек, дауыспен қатар  шебер ойнай білуі шарт. Кейде ішкі эмоцияны домбырамен көрсететін кездер болады. Эмоция айтысқа керек. Себебі, айтыс – театр.

Айтысқа дайындық деген бар. Мысалы, белгілі аймақта бір тұлғаға арналған айтыс болған жағдайда ақын сол аймақтың табиғатын, танымал адамдарын, тіпті экологиясына дейін сүзіп, біліп дайындалып барады. Айтысқа дайындалу – үлкен жауапкершілік. Сондықтан кез келген ақында ішкі дайындық болады. Айтыс ұзақ зерттеуді қажет ететін өнердің түрі», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу