Темо Саджая: Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темо Саджая: Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым

07.10.2017

«Silk Way Star» байқауының кезекті қатысушысы Грузия елінен келген. Оның есімі Темо Саджая. 29 жастағы өнерпаз ел арасында таныла бастаған шағында 15-те болған. Ол өз әндерінің авторы әрі орындаушысы. Сонымен қатар, басқа да әншілерге музыка мен мәтіндер жазады екен. Грузиялық әнші «Silk Way Star» байқауының бірінші кезеңінде өте танымал «Сулико» әнін шырқады.

Бұдан бөлек, грузин орындаушысы елімізді қатты жақсы көріп қалғанын және де Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Қазылар алқасының мүшесі Иса Меликов (Әзірбайжан):
«Не айта аламын. Грузин «Сулико» әнін орындады. Бұдан артық не айтуға болады. Ғаламат, өте жақсы. Менің ойымша, ең бастысы мұндай әнді таңдау - нағыз тәуекелге бел буу. Өйткені, ән бір ғана елде ары кетсе көрші елдерде танымал болса ештеңе етпейді, бірақ «Сулико» бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің бәріне кеңінен танылған. Сондықтан, мұндай әнді таңдау – нағыз тәуекел».

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу