04.10.2017."Басты тақырып".Амангелді Құрметұлы: Шағын авиация мәселесіне назар аудара алмай жатырмыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

04.10.2017."Басты тақырып".Амангелді Құрметұлы: Шағын авиация мәселесіне назар аудара алмай жатырмыз (ВИДЕО)

04.10.2017

Бүгінгі «Басты тақырып» Алматы маңында апатқа ұшыраған санитарлық-авиация ұшағы оқиғасына арналды. Неге соңғы жылдары Азаматтық авиация даудан арылмай келеді?  Неге ұшақ, тікұшақтар жиі құлайды? Осы және өзге де сауалдарға белгілі сарапшы Амангелді Құрметұлы жауап берді.

Қателік кімнен немесе неден?

Амангелді Құрметұлы: «Бұл – адами фактор. Себебі, ұшақтардың техникалық бақылаудан өтуі, ұшқыштардың кәсіби біліктілігі, тіпті ұшуға рұқсат еткен мамандардың жауапкершілігі, ұшаққа иелік етіп отырған компания – мұның бәрі адамға байланысты дүниелер. Бәлкім, компания ескі ұшақ алған шығар, мүмкін дер кезінде  тексеруден өткізілмеген де болар, ол жағын білмейміз.  Ұшақтың апатқа не себепті ұшырағаны туралы нақты дәлел жоқ, себептері тексеріс барысында анықтала жатар. Дегенмен, бұл жерде бірінші кезекте мәселе – адамда. Яғни, салғырттық, жемқорлық».

Ұшақ апаты неге жиілеп кетті?

Амангелді Құрметұлы: «Біз соңғы кездері авиация мәселесінде шағын авиация мәселесіне қатты назар аудара алмай жатырмыз. Қанша компанияда қанша ұшақ барын, қанша бизнесменде қанша ұшақ барын  толық білмейміз. Кейбір деректер біздің елде 140-тан астам шағын ұшақ бар деп айтады. Бұлар халықаралық деңгейде лицензия алуды қажет етпейтін, ел ішінде ұша беретін техникалар. Компаниялар арзана жүгіріп, көп жағдайда ескі дүниелерді әкеледі. Есіңізде болса, 2012 жылы апатқа ұшыраған ұшақта мықты офицерлеріміз қаза тапқан еді. Кейін анықталғандай, сол ұшақ Украинада тексеруден өткізілуі керек болған. Бұл жағдайда да сондай болуы мүмкін».

Еске сала кетейік, «Басты тақырып» бағдарламасына тікелей эфирге хабарласуларыңызға болады. 

Байланыс нөмірлері: 8 (717) 2-55-38-36.

ТОЛЫҚ НҰСҚА

Хабарламаларға жазылу