Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» xалықаралық медиа-xабының аумағында 2017 жылғы 4-6 қазан аралығында «Astana Media Week» бірінші қазақстандық медиа апталығының өтеді.
#AstanaMediaWeek бұл – 2000 қонақ, Қазақстанның және шетелдің медиа индустриясының 60 топ-менеджері, 100-ден аса продакшн-компаниялар. Олардың барлығы жылдың ең өзекті тақырыптарын талқылап, жаңа медиамаусымның жаңалықтарын жария етуге жиналады.
Осыған орай «Қазмедиа орталығы» PR және маркетинг бөлімінің басшысы Айбол Арғынғазинов бүгін бағдарлама төрінде болып, біраз сұрақтарға жауап берді.
«Мұндай көлемдегі іс-шара елімізде алғаш рет өтіп жатыр. Бұл шараның басты ерекшелігі - отандық ақпарат нарығының барлық сегментін қамту.
Өйткені, шара барысында телевизия, электрондық бұқаралық ақпарат, баспа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосуды көздеп отырмыз. Бұл апталық үш күн өтеді», - дейді Айбол Арғынғазинов.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.