«24 сағат құшағында» бағдарламасының кезекті шығарылымы Жамбыл облысы киелі Меркінің төрінде өтті. Бағдарламаның сыйлы қонағы - Грек-рим күресінің палуаны, халықаралық спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров.
Ол кез келген қиындықтарға дайын екенін жеткізді. «АҚШ-тың теледидарынан осылай түсіріп, ылғи таудың ішімен бір қиын-қиын жерлермен, аш-жалаңаш жүргенін көріп едім. Міне, өз басыма да келіп тұр», - дейді спорт саңлағы.
Табиғат құшағындағы саяхат Меркі өзенінің бойынан бастау алса, мәре сызығы сарқыраманың бойында қойылмақ.