29.09.2017."Таңшолпан". Майра Айсина: Латын әліпбиіне көшу - әбден пісіп-жетілген мәселе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29.09.2017."Таңшолпан". Майра Айсина: Латын әліпбиіне көшу - әбден пісіп-жетілген мәселе

29.09.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина студия қонағы болды.

Бүгінгі қоғамдағы әйелдер үшін не маңызды? Мәжіліс депутаты елімізде соңғы болып жатқан айтулы өзгерістерге, оның ішінде, латын əліпбиіне қатысты ойымен бөлісті.

«Өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Бірақ, қоғаммен, халықпен жұмыс істеген соң әйел баласы көңіл-күйін көрсетпеген жөн деп санаймын. Жүріс-тұрысымыз, іс-қимылымыз халыққа үлгі болуы тиіс.

Қазақстанда әйелдердің үлесі 52 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда қоғамда олардың мәселелері көп. Елімізде қандай шаруа жасалса да, бәрінде әйелдер болуы керек деп ойлаймын. Әйел - үйдің сәні, берекесі. Үйде бәрін үйлестіріп отырған қыз-келіншектер қоғамда да дұрыс қадамдар жасай алады.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі әбден пісіп, бабы жеткен мәселе. Онымен келіспейтін адам жоқ. Бірақ, әріптерге қатысты сұрақтар көп. Халыққа қалай ыңғайлы болатыны талқылануда.

Биылғы сессия осы латын әліпбиіне ауысу мәселесімен басталды. Көптеген пікірлерді тыңдадық. Әлі де талқылануда.

Технологияға қатысты айтар болсақ, қазір бәрі дамыған. Жастардың көзі ашық. Ол жағынан кешілік болмайды деп ойлаймын», - дейді депутат.

Хабарламаларға жазылу