Жақында Талдықорғанда Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасында Сара Тоқтамысова бас жүлдені жеңіп, бір миллион теңгені қанжығалады.
Бүгін Сара Тоқтамысова студия қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Айтыс – үлкен өнер. Жақында Талдықорған өңірінде үлкен дода болды. Халықтың айтысқа деген махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ақындардың бірі кем, бірі артық деп айтуға болмайды. Ол айтыста жүлделі болғаныма қуаныштымын. Біз үшін бастысы - айтқанымыз халықтың жүрегінде қалғаны.
Әлеуметтік желілерге жастар жазып жатады. Кейбірі айтыстың жүлдесі белгілі деп ойлайды. Алайда, олай емес. Әркім бұйырғанын алады», - дейді ақын.