«Таңшолпан». Айгүл Қосанова: Қазіргі жастардың дәстүрлі өнерге деген махаббаты жақсы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Айгүл Қосанова: Қазіргі жастардың дәстүрлі өнерге деген махаббаты жақсы (ВИДЕО)

26.09.2017
«Таңшолпан». Айгүл Қосанова: Қазіргі жастардың дәстүрлі өнерге деген махаббаты жақсы (ВИДЕО)

Әнші Айгүл Қосанова студия қонағы болып, өнердегі және өмірдегі жалықтарымен бөлісті.

«Биыл отбасымызбен Астанаға қоныс аудардық. Бұл шешімге келу оңай болған жоқ. Не болса да, ел ішіндеміз. Өзім де, балаларым үйреніп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университетінде сабақ беремін. 25 жылдық ұстаздық еңбек өтілім бар. Жаңа студенттерге, орынға үйренуге тырысып жатырмын. Қазіргі жастардың дәстүрлі өнерге деген махаббаты, талпынысы жақсы.

Батыс Қазақстанның әншілік мектебін қолға алып, өзімізден кейінгі ұрпаққа дәріс беріп жүрміз. », - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу