Биылғы жылу маусымында электр станциялары мен қазандықтарда 3 миллион 700 мың тонна көмір қоры жиналыпты. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 24 пайызға артық. Бұдан бөлек, тағы 82 мың тонна азот жинақталған.
Жылу маусымына қатысты жиында тағы бір сын айтылды, ол - тиісті компаниялардың өзара «қарызбен құда» боп жүргені. Мәселен, жылудың басты жеткізушісі «ҚазТрансГазАймаққа» еліміздің әр өңіріндегі энергоорталықтар 3,8 миллиард теңге берешек екен. Орталық қарызға белшеден батқандар оны төлемейінше, газ жеткізуді тоқтатып тастауға көшкен. Сонымен қатар, Үкіметте кейбір жылу қазандықтарының жарамсыз екендігі де жасырмай айтылды.