Адам құлдық санадан арылу үшін өз тарихын білуі керек - Нұрмұхамед Байғара - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам құлдық санадан арылу үшін өз тарихын білуі керек - Нұрмұхамед Байғара

23.09.2017

 «Парасат майданы» бағдарламасында журналист Нұрмұхамед Байғара хабар жүргізушісі Дархан Әбдіктің «Бүгінгі біздің тұрмысымызда құлдық сананың көріністері бар ма?» деген сауалына жауап берді және адамның құлдық санадан арылуы үшін не істеу керектігі жайлы пікірін айтты.

«Адам құлдық санадан арылу үшін ең бірінші өз тарихын білуі керек. Ол - тарихи сана. Түбін білмеген адам қайда барады?! Менің ойымша, бұл 40 пайыз керек. Келесі 20 пайыз – білім. Білім, ағарту болмаған жерде адам санасының азат болуы өте қиын. Одан кейінгі мәселе – ол адамның жеке мәдениеті, тәрбиесі, құндылықтары. Адам өз құндылықтарына сүйеніп қана жұмыс істей алады. Соңғы 20 пайыз - адамның жеке табысы. Кедей, табысы төмен адамға «сен азат бол», «сен еркін әрекет ет» деп айту қиын».

Хабарламаларға жазылу