Нұрлан Еспановты бірден ешкім композитор ретінде мойындай қойған жоқ. Мойындату үшін таныстарының студиясын жағалап, гитарасын құшақтап, әншілерді күтіп жүрген екен.
«Күнде бір студияға барамын. Келген бетте кіре берістегі дуалдың арасына гитарамды тығып қоямын. Әншілер келіп, «Нұрлан, сенің жақсы әндерің бар екен ғой, ән бар ма?» деген кезде, жайлап гитарамды алып, жақын маңдағы кафеде ойнап беріп, әнімді сатамын. Сосын гитарамды орнына қайта тығып қойып, басқа әншіні күтіп отырамын. Осылайша, Алматыда қалдық»,-дейді әншінің өзі.
Дәл солай дәмханада сатылған әндердің бірі – «Қос қарлығаш». Бүгінгі хабарда әнші Шахаризат Сейдахмет аталмыш әнді жаңаша нұсқада орындап берді.
Әннің жаңа нұсқасына қатысты Медеу Арынбаев:
«Жаңа дүние болып шыға келді. Шахаризат жаңа дыбыспен тамаша жеткізе білді»,-дейді.