Медеу Арынбаев: Нұрлан Еспанов мені 15 минутта «Жан әке» әнін айтуға көндірді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медеу Арынбаев: Нұрлан Еспанов мені 15 минутта «Жан әке» әнін айтуға көндірді (ВИДЕО)

22.09.2017

Бүгін Ұлттық арна эфирінде «Сазгер» шоу бағдарламасының кезекті саны көрермендеріне жол тартты.

Аталмыш бағдарламаның басты кейіпкері ҚР-ның Мәдениет қайраткері, әнші, композитор, шоумен Нұрлан Еспанов болды. Ол барлық отбасы мүшелерімен таныстырып, шығармашылығындағы тың жаңалықтармен, әндерінің шығу тарихымен бөлісті.

Сонымен қатар, студияда сөз алған әнші Медеу Арынбаев «Жан әке» әні оған қалай тап болғанын айтып, «ең бастысы Нұрлан Еспанов позитивті, әдемі көңіл-күй тыңдарманға сыйлай алады», - деді. «Жан әке» әнін көпшілікке «Жігіттер» квартеті орындап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

Нұрлан Еспанов әкесі ерте өмірден өткеннен кейін анасына қолғанат болып, ерте есейген. Сол кезде ол нені арман етіп, неге қол жеткізгісі келген?

«Негізі, менде әуел бастан  осы үйге жағдай жасасам екен, анамды қалаға алып кетсем, аяғына тұрғызсам деген ой болды. Бала болып  ойнаған адам емеспін. 7-ші сыныптан бастап бала-шағаны асырауға көштім. Барлық жетістігім  анамның арқасы.  Мені жетектеп музыкалық мектепке де апарған анам», - дейді сазгер.

Сонымен қатар, әнші 8-ші сыныпты бітіріп аспаз мамандығын да оқып шыққан.  Тіптен,  шоумен жұбайын қарату үшін мектепте әннен сабақ та берген. Бұдан өзге, Нұрлан Еспановтың  басқада қырларын толығырақ «Сазгер» шоуынан көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу