«Таңшолпан». Мансұрхан Махамбетұлы: Рухани жаңғыру – игі бастамаларға жол ашу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мансұрхан Махамбетұлы: Рухани жаңғыру – игі бастамаларға жол ашу (ВИДЕО)

21.09.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мансұрхан Махамбетұлы студия қонағы болды. Депутат Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласына қатысты сөз қозғады.

«Елбасының болашаққа арналған бағдарламасы ауқымды көлемдегі ел болашағына арналған фундамент десе де болады. Бұл бірден шыққан дүние емес. Осы жолдауда нақты іс-шаралар, бастан өткен дағдарыстар, одан әрі қарайғы даму, жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы айтылған.

Қазақстанда 130-дан астам ел бар. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін байлық болды, технология болмады. Еліміздегі халықтың 40 пайызы ғана қазақ тілінде сөйледі. Сонда да қазақ тілін Ата заңға енгіздік. Қазір ел танитын халыққа айналдық. Үлкен жұмыстар атқарылды.

Рухани жаңғыру – игі бастамаларға жол ашу. Елбасының бұл бағдарламасы - халықтың ұлттық иммунитетін көтеру», - дейді депутат.

Хабарламаларға жазылу