Еліміз үшін латын қарпіне көшу – үлкен қадам. Осыған орай студия қонағы болған ҚР қоғам қайраткері, жазушы Тұрсын Жұртбай латын қарпіне ауысу туралы сөз қозғады.
«Бүгін бірыңғай, тұтас болып ғаламдық санаға бет бұрған кезде латын қарпіне көшу – ұлы көшке ілесу. Бұл өте ауыр. Бұл ауысудың салқыны, ықпалы 1 немесе 10 жылда кетпейді, алайда бір ұрпақ ауысқан соң өз қалпына келеді.
Славян қарпімен өмір сүрген 80 жылдың ішінде қазақ халқы сана, рух, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған терең кешулерді басынан өткізді. Сол жүзеге асқан ғылыми жаңалықтарды толық мағынада 1 сыныптан бастап, үлкен ғылымға жол тартқан адамның санасыны сіңіру – ұлы күш. Бұл ұлтымыз үшін үлкен міндет. Ендігісі, дәрм енді жүзеге асыру ұлт, әрбір қазақ үшін сын», - дейді жазушы.