«Таңшолпан». Бүгіннен бастап Астанада «Сергек» камералары орнатылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгіннен бастап Астанада «Сергек» камералары орнатылды (ВИДЕО)

15.09.2017

Бүгіннен бастап Астанада жол ережесінің бұзылуын бақылайтын «Сергек» интеллектуалдық жүйесі іске қосылды.

Қалада 3 мыңға жуық сурет және бейнебақылау камералары орнатылған. Жыл соңына дейін бұл сан 13 мыңға жетеді деп жоспарлануда.

Мұндай камералар автокөліктердің нөмірін, жылдамдығын, қоғамдық көліктің жолағы мен «STOP» сызығын кесіп өткен көліктерді жазып алады.

Жаңа жүйе бойынша жол жүру ережесін бұзған автокөлік иелеріне айыппұлды ЖПП жазбайды, компьютер автоматты түрде есептеп, көрсетеді. Сурет және бейнежазу құрылғысының көмегімен түсірілген автокөлік иелеріне әкімшілік жаза шарасы қолданылады.

Ескеретін жайт, бұдан былай қала ішінде көлік қозғалысының жылдамдығы сағатына 60 шақырымға, ал, оқу мекемелері мен балабақшаларға жақын жерде жылдамдық сағатына 40 шақырымға дейін шектелген.

Хабарламаларға жазылу