Мұрагер Сауранбаев: «ЭКСПО»-менің алғашқы жобам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрагер Сауранбаев: «ЭКСПО»-менің алғашқы жобам

13.09.2017

Бүгін «Таңшолпанда» ҚР Сыртқы істер министрлігінің «ЭКСПО-2017» хатшылығының басқарма жетекшісі Мұрагер Сауранбаев қонақта болды.

Үш ай бойы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі ойдағыдай аяқталды. Сұбат елімізде көрмені өткізу жұмыстары қалай жүргізілгені, Сыртқы істер министрлігі тарапынан болған дипломатиялық қадамдар төңірегінде өрбіді.

«Жалпы, ЭКСПО көрмесі туралы айтқанда оның кішігірім тарихы жөнінде айта кеткен жөн. 2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өткен көрмеде  Елбасы  шараны Астанада өткізу жөнінде ой тастаған болатын. Содан бастап Үкіметке тапсырма берілді. Астана қаласының өтінімін ілгерілету бойынша Сыртқы істер министрлігі жұмысты бастап кетті. Маған осы жобамен айналысу бұйырды»,- дейді студия қонағы

Сондай-ақ, келесі 2020 жылғы Дубайда өтетін көрмеге Қазақстан тарапынан дайындықтар басталып кеткенін де атап өтті.          

Мемлекеттік деңгейдегі жұмыстарға араласып жүрген Мұрагер Сауранбаев көрермендерге күйші ретінде жақсы таныс.

Сөзін «Кез келген қызметте жүрген азаматқа спорт, өнер жаңа серпін, жаңа күш береді. Күнделікті қарбалас жұмыстан шаршағанда үйге келіп жарты сағат домбыра шерткен уақытта бүкіл шаршауды ұмытып, күш-жігер аламын. Себебі, домбыра - менің жан серігім»,- деп қорытындылады.  

Хабарламаларға жазылу