Шарын шатқалы туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шарын шатқалы туралы не білесіз? (ВИДЕО)

12.09.2017

Алматы қаласынан шығысқа қарай  195 шақырым жол жүрсеңіз, алдыңыздан Шарын шатқалы шығады. Түзілу тарихы 12 млн жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан шатқал кім-кімді де таңқалдырары сөзсіз. Шатқалдың биіктігі 150-ден 300 метрге  дейін жетеді.  Шарын өзені бойымен солтүстік- шығыстан оңтүстік -батысқа 154 шақырымға созылып жатыр.

Құз-қиялардың табиғи пішіндері  әр түрлі. Соған байланысты әрбір жартастың өзіндік атауы да бар.

Мұнда «Жалмауыз кемпір» шатқалы, «Мыстан кемпір», «Айдаһар», «Тас қапшық» деген атаулар көп кездеседі.

Еліміздің аумағындағы тағы бір шатқал Қиын-Керіш деп аталады. «Қиын – Керіш» Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданында орналасқан. Шатқал қызыл топырақты құлама жарлардан тұрады.  Сондай-ақ, мұнда қызғылт сары, ақ, көк түсті сан түрлі топырақты мұнаралар бар.  Шатқал 300 гектар жерді алып жатыр. Бұл жерді «Қиын-Керіштен» бөлек, «Жалынды жар» деп те атайды. Өйткені, шатқалдың топырағының қызғылт түсі жаздың аптап ыстығында сағым сынды жалындап тұрғандай әсер береді.

Хабарламаларға жазылу