ЭКСПО – болашақ ұрпаққа бүгінгінің жасауы керек тірлігін түгендеп беретін көрме - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО – болашақ ұрпаққа бүгінгінің жасауы керек тірлігін түгендеп беретін көрме

10.09.2017

ТМД елдері ішінде Қазақстан алғаш болып ұйымдастырған «ЭКСПО» өз мәресіне жетті. «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өткен көрмені көруге миллиондаған адам келді.

«Мәселе» хабарының бүгінгі шығарылымында «ЭКСПО» көрмесі қаншалықты керек?» деген сауалға жауап ізделді.

«Астанада өткен «ЭКСПО» - ертеңгі ұрпақтың уайымсыз өмір сүруі үшін бүгінгі толқынның жасауы керек тірлігін түгендеп беретін көрме».

Мәселен, 1851 жылы Лондонда өткен көрмеге Қытайдың Гуаньдун провинциясынан шыққан кәсіпкер шай мен жібек мата апарған. Барын салып таныстырып, басымдығын жеткізе білген қытайлық кәсіпкерге ұйымдастырушылар алтын және күміс медаль таққан екен. Кейін жібек пен шай шаруашылығының қалай қарыштап дамығанын бүгінгі табыстарын санап-ақ аңғаруға болады.

Ал, 1900 жылы Парижде өткен «ЭКСПО»-да адамзат баласы қазір күнде қолданатын эскалаторлар, дыбысы шығатын фильмдер мен дизельді қозғалтқыштарды көріп, таңдай қаққан деседі.

Жалпы, күнделікті тұрмыста тұтынып жүрген дүниенің бәрі бүгінге дейін өткен «ЭКСПО»-лардың нәтижесінде жасалған.

Сонымен бірге, хабар барысында тарихта көрермені ең көп болған көрмелерге де шолу жасалды.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу