10-11 қыркүйек күндері Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология бойынша бірінші саммиті өтеді.
Саммитке қатысушылар ғылым, технология және инновация саласындағы саясатты талқылайтын болады. Күн тәртібінде мәселелер - жаһандану дәуірінде білім және ғылым саласының дамуы үшін заңнамалық базаны қалыптастыру, мемлекеттік және жеке факторлардың рөлдері, олардың өзара әрекеттесе отырып ұлттық бағдарламалар мен басымдықтарды жүзеге асыру.
Жалпы ғылым және технология жөніндегі ИЫҰ саммиті аталған ұйымға мүше-елдердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. ИЫҰ-на мүше-елдердің экономикасы үшін ғылымның көмегімен озық технологияны ендіру, білімді негізге ала отырып қоғамды дамыту мәселесіне мән берілген.
Жүйелік мотивация механизмдерінің ғылыми-техникалық даму және ұлттық инновация жүйесін нығайту үшін алға жылжыту ИЫҰ саммитінің тағы бір артықшылығы болып табылады.
Бұл саммит шараға қатысушы-елдер арасында ғылым мен инновацияны дамытудағы халықаралық байланысты нығайтуға жаңа серпін беретіні сөзсіз.
kazembassy.ru