Мемлекет және қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова студия қонағы болды. Алтыншаш ханым мемлекеттік және қоғамдық өмір мен отбасылық өмірді қатар қалыс қалдырмай алып жүрудің сырымен бөлісті.
«Мен қазіргі жастарға ризамын. Өкінішке орай біз кезінде мәдениеті жоғары халықпен қауышқан жоқпыз. Қазіргі жастар оқуға, білімге талпынады. Олардың ата-аналарына ризамын. Қаражатын аямай балаларына барынша білім беруде.
Әрине қарапайым халыққа қиын. Сондықтан лауазымды тұлғалар қарапайым халықты ойласа екен деймін», - дейді Алтыншаш Жағанова.