Адам құқықтарының дұрыс қорғалуы біздің қоғамда неге әлі күнге дейін өзекті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам құқықтарының дұрыс қорғалуы біздің қоғамда неге әлі күнге дейін өзекті?

30.08.2017

Бүгін – ҚР Конституциясына 22 жыл. Осыған орай «Басты тақырыпта» қонақта – Конституциялық кеңес мүшесі Үнзила Шапақ.

- «Мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» деп сипатталған біздің Конституция халыққа қаншалықты қорған?

- Заң қуатты болуы үшін үстем болуы керек. Ғалымдардың пікірінше, сауатты жазылған заңы бар мемлекеттің азаматтарының да күш-қуаты жоғары болады. Конституция ол – құқық пен бостандық кепілі. Ол - қоғам мен мемлекет арасындағы келісім, саяси-құқықтық құжат.

Жалпы, адамға құқық пен бостандық табиғаттан беріледі, ол ажырамайды. Ал Заңда бұл тек жазбаша түрде көрініс табады. Сондықтан, адамдардың құқықтары мен бостандықтары негізгі заңда ашық баяндалса, соншалықты қуатты болады.

Конституцияның басқа заңдардан артықшылығы, оның нормалары тікелей іске асырылады. Егер, онда біздің құқығымыз нақты көрсетілген болса, онда дәл солай, сөзбе-сөз орындалады. Ал, кейбір құқықтар мен бостандықтарды іске асыру үшін қосымша заңдар қажет, қосымша заңдар сол үшін қабылданады.

- Адам құқықтары мен бостандықтарының дұрыс қорғалуы – әрбір мемлекеттің басты мақсаты. Бірақ, бұл мәселе біздің қоғамда неге әлі күнге дейін өзекті?

- Құқық – теңдік, еркіндік, әділеттілік деген үш ұғымнан тұрады. Алайда, қоғамның табысына, адамдардың әлеуетін дұрыс жұмсауына, әлеуметтік жағдайына байланысты теңсіздік дефицит болуы мүмкін. Яғни, өздерін келесі адаммен тең санамайды. Бұл – осы тұрғыдан туындап отырған мәселе. Ал, жалпы, елімізде адам құқықтары мен бостандықтары – ең жоғарғы құндылық.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу