Бүгін таңғы бағдарлама төрінде қонақ болған актер, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев Ұлттық арнаны жаңа маусыммен құттықтады.
29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы Мәдениет күндері өтеді. Шара аясында оңтүстік өңірден шыққан өнер майталмандары астаналықтарға концерт бермек.
Актер көрерменнен келген сауалдарға жауап бере отырып, ең алғашқы әзілін еске түсірді.
Сондай-ақ, шәкіртттері бар ма деген сауалға актер:
«Ауылда небір таланттар бар. Жер-жерді аралап театрымызға актер алғым-ақ келеді. Бірақ, біз мемлекеттік театр болмағаннан кейін, оның жалақысын, ас-суын, жатын орнын реттеу керек. Баланы тәрбиелеу – үлкен ғылым деген сөз бар ғой»,-дейді.
Театрдың кейінгі кездері өзекті тақырыптарды қозғап жүрген қойылымдарына тоқталған Нұржан Төлендиев:
«Халыққа салмақ салуға болмайды. Біз комедия бағытын ұстанғаннан кейін мұндай салмақты тақырыптарды арасында шеберлікпен беру керек. Қазір халықтың дені жұмысбасты. Оларды театрға шақырып, жоғарыдағы айтып кеткен тақырыптағы қойылымдармен шаршатуға да болмайды»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.