Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына қонаққа америкалық әнші Амикейла Гастон келді.
Амикейла Гастон Американың соул әншісі, көптеген марапаттардың жеңімпазы, қазіргі заманғы ең таза деп танылған дауыс иесі. Motown жанрында ән айтатын Амикейланың Қазақстанда жүргеніне де біраз уақыт болды. Жалпы Қазақстан туралы пікірі:
"Мен Қазақстанды жақсы көремін. Өте әдемі жер, тағамдары да дәмді, адамдары қонақжай. Мен бұл елден керемет әсер алып жатырмын", дейді бүгінгі қонағымыз.
Эфир барысында танымал әнші әрі "Таңшолпан" жүргізушісі Гүлнұр Оразымбетова Амикейла Гастонмен қосылып, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін домбырамен шырқап берді.
Сұхбат соңында Амикейла Гастон Сан Франциско қаласынан келген музыкант Бен Хеверонмен қонақ кәде жасап, өнерлерін көрсетті.