«Таңшолпан». Оразкүл Асанғазы: Отбасы берік болса, мемлекет мықты болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Оразкүл Асанғазы: Отбасы берік болса, мемлекет мықты болады (ВИДЕО)

28.08.2017

«Құрмет» орденінің иегерлері Жора Алмантай мен Оразкүл Асанғазы бағадарлама қонақтары болды. Студия қонақтары жастар тәрбиесі мен отбасы мәселесіне қатысты тақырып қозғады. Отбасы мен мансапты алып жүрген жандар жанұядағы бақыттың қыр-сырымен бөлісті.

«Қазақ халқы кеше ғана пайда болған жоқ. Жалпы, осынша елді, жерді біріктіріп келе жатқан – отбасы. Жастардың тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы керек.

Кез келген адамның жетістігі де, кемістігі де болады. Ал, жұп болу үшін адамдар бір-біріне төзіп, сабыр сақтап, сыйлауы керек. Жастар осыны қосылғанға дейін ойлануы керек.

Жігіттер құрған ұясының қорғаны бола білуі тиіс. Сыртқы да, ішкі де жаудан қорғайтын - ер-азамат. Жауапкершілік те жігіттерде. Ал қыздар - үйдің берекесі, шаттығы. Ананың қабағы - отбасының нұры. Кез келген қыз бөтен үйде «ата-ене» деп бөлмеуі керек. Өйткені, ол сүйген адамын туып, тәрбиелеген.

Кез келген отбасында құпия болады. Ең бастысы, оны бала-шағаға сездірмеу. Бала үшін әке-шеше бір-біріне ғашық, ынтық, ыстық азаматтар болып көрінуі тиіс.

Біз бірінші курста таныстық. 4-курстың соңында үйлендік. Бір-бірімізді төрт жылда таныдық», - дейді студия қонақтары.

Хабарламаларға жазылу