«Әйел бақыты». «Made in KZ» тобы: Домбыраны тек дәстүрлі кейіпте көрсетпей, шетелдік әндерді орындауға болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». «Made in KZ» тобы: Домбыраны тек дәстүрлі кейіпте көрсетпей, шетелдік әндерді орындауға болады (ВИДЕО)

22.08.2017

Алматылық «Made in KZ» тобының мүшелері Бауыржан Шәкірұлы, Мақсат Хасанов және Назым Хамитова студия қонағы болды.

«Made in KZ» - әлеуметтік желіде «Лада Седан – Баклажан» әнімен хит болған қазақстандық трио. Қазақтың қара домбырасымен шетелдік әндерді орындап, көрерменнің басты қызығушылығын танытудағы ерекшеліктері - осы.

Олар ұлттық аспапты әлемге таныту мақсатында көп еңбектенеді. Трио аз уақыттың ішінде әдемі әуендерді орындап, жастардың ықыласына бөленіп, танымал болып үлгерді. Қазір қазақстандық топты шетелге де жиі шақырады.

«Домбыраны тек дәстүрлі кейіпте көрсетпей, шетелдік әндерді орындауға болады. Топ осы мақсатта құрылды. Болашақта алға қойған арман-мақсатымыз көп. Тың идеялар мен шығармашылық жоспарларымызды жүзеге асырамыз», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу