«Айтуға оңай...». Төлен Рамазанұлы: Көпбалалы отбасы көшіп келсе, ауылымыздың еңсесі қайта тіктелер еді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Төлен Рамазанұлы: Көпбалалы отбасы көшіп келсе, ауылымыздың еңсесі қайта тіктелер еді (ВИДЕО)

18.08.2017

Өрнек ауылы аудан орталығы Қарабалықтан 50 шақырым қашықтықта, табиғаты көркем алқапта орналасқан. Кезінде тіршілігі қайнап жатқан елді мекенде бүгінде небәрі 20 үй ғана қалған. Соңғы үш жылдың өзінде ауылдан 15 отбасы көшіп кеткен.

Белгілі журналист Төлен Рамазанұлы былтыр қараша айында өзінің туған ауылын, қара шаңырағын сақтап қаламын деп, атажұртқа көшіп келген. Оның бар арманы - ауылды қайта гүлдендіру. Сол үшін арнайы «Бизнес бастау» курсын оқып жатыр. Ол «халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік өңірлерінен көпбалалы отбасылар көшіп келсе, ауылымыздың еңсесі қайта тіктелер еді» дейді. 

Өрнектегі 4 сыныптық бастауыш мектепте небәрі 7 бала білім алады. Мектеп болашақта жабылып қалуы да мүмкін. Өйткені, алдағы екі жыл ішінде бірінші сыныпқа келетін бала жоқ. Бұл ауылда «кәсіп ашамын» деген адамға мүмкіндік мол. «Қаңырап тұрған бос үйлерге көшіп келемін» деген адамдарды ауыл тұрғындары қуана қарсы алады.

«Ауылыма, адамдардың еңсесінің түскеніне қарап, «бұлай болмайды, ауылды біреу қолға алу керек, әкімдікпен, депутаттармен сөйлесу қажет, журналистерді шақырту керек, тек жатпай ауылымызды, туған жерімізді көркейтуіміз керек»,- дедім. Ауылға көшіп баруымының басты мақсаты - осы.

Ауылымыздың табиғаты кермет. Көпбалалы отбасылар көшіп келсе, ауылымыздың еңсесі қайта тіктелер еді», - дейді Төлен Рамазанұлы.

Хабарламаларға жазылу